Қазақстан Республикасы
әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті
Алматы қаласы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер !
Сіздерді биология ғылымдарының докторы, профессор, ХАА және ҚЖМ ҰА академигі Биғалиев Айтхожа Биғалиұлының 70-жылдығына арналған «Экология және генетика: Қазақстандағы эколого-генетикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз. Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде 2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 1000-1700 келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, әл-Фараби 71.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері: –генетика және жалпы биологияның, экологиялық генетика, радиациялық биология мен радиоэкологияның өзекті мәселелеріне жас зерттеушілердің назарын аудару. Ғылыми конференцияның өткізілу форматы жарияланған тақырыптарда өздеріңіз жіберген мақалалар мен материалдар арқылы талқылау. Конференцияның материалдары ҚазҰУ-нің «Хабаршысы-Вестник» журналы, экология сериясының арнайы шығарылымында басылып шығады.
Қатысушыларға арналған ақпарат
Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтініш пен баяндама мәтінін теріліп басылған мақала (2 дана) және электрондық үлгісін (E.mail электронды почтасы арқылы) жіберу қажет. Баяндамалар мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2012 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
Қатысу үшін өтініш үлгісі
ТАӘ (толық):
Жұмыс орны:
Қызметі, ғылыми дәрежесі:
Байланыс телефоны:
Электронды пошта мекен-жайы (E.mail):
Почта мекен-жайы:
Баяндаманы көрсетуге қажетті техникалық құралдар: Материалдар авторлардың есебінен басып шығарылады. Ұйымдастырушылық жарна – бір мақала үшін 5000 теңге (эквиваленті – RR50, $35, мақала көлемі 6 бетке дейін).
Конференцияның жауапты хатшысы: к.б.н., преподаватель Кожахметова Айзада Нурахметовна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, №6 оқу корпусы, 424 каб., тел. 377-33-34 ішкі 12-15, e-mail: ayzada.1983@mail.ru, Aizada.Kozhahmetova@kaznu.kz
Сіздің қатысқаныңызға алғысымыз шексіз!
Ұйымдастыру комитеті осы хатты қызығушы түлғалар арасына таратқандарыңыз үшін алғысын білдіреді!
Авторларға арналған ереже (мақалаға қойылатын талаптар)
1. Мақала мәтіні 2 данадан, электрондық почта (компьютерлік нұсқасы) немесе ақпарат сақтағыш таспа түрінде беріледі. Мақала мәтіні Word Windows-2003 редакторында теріледі (немесе RTF форматта сақталады). Times қаріпін пайдалану ұсынылады, қаріптің кеглі-12, арақышықтығы-1,0, өрісі – екі жағынан 2 см.
2. ҚазҰУ «Хабаршысы», экология сериясына шығарылуға ұсынылып отырған мақалада болуы тиіс:
- УДК коды;
- автордың ТАӘ (авторлардың);
- мақаланың аталуы (мақаланың тілінде);
- авторлардың жұмыс орнының толық аталуы (ұйымның толық аталуы) немесе байланыс үшін ақпарат;
- баспадан шығарылатын мақала тіліндеғі аннотация (800-1000 белгі, үзіктермен);
- кілттік сөздер (250- 300 белгі, үзіктерімен);
- мақала мәтіні;
- пайдаланылған әдебиеттер (сілтеме берілетін библиография саны 7-15, олардың ішінде - қазақстандық авторлардың үлесі - 30-40 %;
- жарыққа шығатын мақала тілінен басқа екі тілде зерттеудің негізгі нәтижелері сипатталған қысқа түйіндеме (800-1000 белгі, үзіктерімен).
3. Мақаланың мәтіні келесідей жоспарда жазылуы тиіс:
УДК коды, автордың (авторлардың) тегі мен инициалдары, мақаланың атауы жартылай қанық бас әріптермен жазылады, автор (авторлардың) жұмыс істейтін және ғылыми жұмыс орындалған ұйымның толық аталуы мен байланысу үшін ақпарат, аннотация, кілттік сөздер, басқа зерттеушілермен салыстырғанда осы ғылым саласына автордың енгізген жаңалығына қысқаша кіріспе, «материал мен әдістер» қысқаша түсінікті жазылады, сонымен бірге ертеректе жарық көрген әдістерді жазу қажет емес, сәйкес әдебиеттер көзіне нақты сілтеме беріледі, «нәтижелер мен талқылаулар» қысқаша және нақты жазылуы тиіс.
4. Мақала мәтініндегі әдебиет көздеріне сілтеме қолданылу реті бойынша тіктөртбұрыш жақшада беріледі (мысалы: [8]). Әдебиеттер тізімінде автордың (авторлардың) аты-жөндерінен кейін мақаланың, кітаптың, журналдың аталуы, жылы, томы, номері, бірінші және соңғы беттері жазылады. Тізімде тек үзінді алынған әдебиеттер ғана келтіріледі. Жарияланатын материалдар мен мақала алды библиографиялық тізімдердің баспалық рәсімделуі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» атты Мемлекеттік Стандарт 7.1-2003 сәйкес жүргізіледі.
5. Иллюстрациялар (графиктер, сызбалар, диаграммалар) компьютерде орындалған нақты сызбалар түрінде және файлға мақала мәтінімен енгізілуі тиіс. Суреттерді сканерлеп, файлға мақала мәтінімен енгізу қажет.
6. «ҚазҰУ Хабаршысы» журналына мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады, сонымен бірге авторлар фамилиясы, мақала атауы мен түйін үш тілде болуы тиіс. Мәтін өте мұқият тексеріліп, редакциялануы қажет. Мақала соңында авторлар туралы мәлімет:ТАӘ толығымен, мекен-жайы, ұялы және қызмет телефондарының номері, e-mail беріліп, қолдары қойылуы тиіс.
7. Мақала мәтінінде бір мәліметтер, кестелер мен графиктер қайталанбауы тиіс. Кестелер мен суреттер номерленуі қажет. Кестелердің тақырыбы көрсетіледі, ал суреттердің түсініктемесі төменгі жағында жазылады. Формулалар компьютерде теріледі.
8. Жалпыға бірдей қысқартуларды қолданған дұрыс. Жаңадан енгізілген қысқартуларды түсіндіріп кету керек.
9. Мақаламен қоса ұйым басшылығының қолы қойылған жолдама хат, пікір және рецензия жіберілуі қажет.
- 10. Мақаланың рәсімделуіне қатысты келіспеушілік туған жағдайда ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің диссертацияларды рәсімдеуге қойылатын талаптарына басымдық беріледі.
- 11. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар баспаға жіберілмейді. Журналдың редакция алқасы қайтарған мақалаларға жазылған пікірлер авторларға берілмейді, қолжазбалар авторларға қайтарылмайды. Мақаланың мазмұнына авторлар жауапты. Мақаланың басылу бағасы: 5 беттен 10 бетке дейін – 5000 теңге.
Жауапты редактор – к.б.н., доцент Ерубаева Гүлжан Кикбайқызы, e-mail: Gulzhan.Erubaeva@kaznu.kz