Дүниежүзілік туристік ұйым оқу бағдарламасын мойындады

15 қараша, 2012

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) Біріккен ұлттар ұйымының жауапты, тұрақты және қол жетерлік туризмнің ұсынысына жауап беретін мекеме болып табылады. 2011-2012 жылдары, рекреациялық география және туризм кафедрасы ұтып алған грант негізінде, Қазақстан ЖОО арасында алғашқы болып, «5В090200 – Туризм» мамандығының туристік білім беру сапасының Дүниежүзілік туристік ұйымның TedQual-UNWTO жүйесі бойынша халықаралық сертификаттау рәсімі өткізілді.

Аудит нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы бакалавриаттың іске асырып отырған білім беру бағдарламасы ең ұзақ мерзімге - 4 жылға (2012 жылдың 25 қазанынан 2016 жылдың 25 қазанына дейін) сертификатталды. Ереже бойынша, UNWTO сертификаттаған білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары Дүниежүзілік туристік ұйымның ең жоғары беделді білім беру институттарынан/ дүниежүзілік туристік ұйымдардан тұратын Білім беру кеңесінің мүшелері болып танылады және TedQual сертификаттық жүйесінің белгісін сертификаттау мерзімі аяқталғанына дейін пайдалануға құқығы бар. TedQual сертификаттық жүйесін қолдайтын оқу орындарының студенттері халықаралық дәрежедегі ерекше сапалы білім алады.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы