- Университет ректоры Жұмағұлов мырзамен кездесіп, өз атымнан және Обсерваторияның атынан мерейтойларыңызбен құттықтаған едім. Біз үшін ҚазҰУ-дың орны бөлек. Неліктен деп сұрасаңыз? Оған себеп - жоғары оқу орындарының ішінде ең алғашқы боп Ұлы Хартияға қол қойған осы сіздердің университеттеріңіз. Әріптестігіміздің жалғасып келе жатқанына бес жылдай болды, содан бері тынбай әлі еңбектеніп келеміз. Ұстанатын мақсатымыз бір жерден шығып отыр. Ол - сапалы білім беру идеясы. Бұл пікірімді ҚазҰУ толықтай құптайтындығына сенімдімін. Сондықтан табысты серіктестігіміз әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін.
2009 ж. 5 ақпан
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024