«Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жалпы дене дайындығы бойынша жарыс өткізілді

16 қараша, 2012

Жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға ынтасын арттыруға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен бірге «Культ здорового тела» қозғалысы аясында 2012 жылдың қазан айының 29-нан қарашаның 13-не дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорткешенінің №9 залында жалпы дене дайындығы деңгейін анықтау үшін «Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа 188 студент қатысты.

Түрлі номенацияларда келесі студенттер жүлдегер атанды: Баратова Ляззат (Механика-математика факультеті, 1 курс); Булгакбаева Алуа (Механика-математика факультеті, 1 курс); Ибраева Лаура (Журналистика факультеті, 1 курс); Розе Дарья (Экономика және бизнестің жоғары мектебі 1курс); Галимова Нургуль (Философия және саясаттану факультета, 2 курс); Абдрахман Айнура (Заң факультеті, 2 курс). Жарыс жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.

Спортклуб