Халықаралық студенттер күні аталып өтті
19 қараша күні география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлем студенттерінің дәстүрлері» атты Халықаралық студенттер күніне орай ашық кураторлық сағат өтті.
Халықаралық студент күні – студент күнтізбесіндегі ең маңызды күннің бірі. Халықаралық студент күні ІІ Дүниежүзілік тарихымен байланысты. 1946 жылы Студенттердің Дүниежүзілік конгрессінде 17 қараша Халықаралық студент күні деп аталды. Ашық кураторлық сағат барысында рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 курс куратор-эдвайзерлері Айжолова Г.Р., Тоймбаева Ж.К. Халықаралық студент күнінің пайда болу тарихымен таныстырып, студенттердің біздің қоғамдағы орны мен маңызына көңіл бөлді.
Студент – бұл әлем бойынша таралған дарынды «ұлт» қатарына жатады. Орта мектептің әрбір екінші түлегі студент болуға тырысады, дегенмен әрбір оныншы түлек қана студент дәрежесіне ие.
Ашық сабаққа шетел жоғары оқу орындарының (Польша, Үндістан, Болгария) студенттері келіп, өз мемлекеттеріндегі студенттердің дәстүрлері мен білім алу ерекшеліктері туралы таныстырды. Кафедраның студенттері де қазақ дәстүрлерінің ерекшеліктерімен бөлісті, осылайша, қазақ домбырасынан күй ағылып, өлеңдер оқылды. Шетел студент-қонақтарымыз өз ризашылығын білдіріп, мемлекетіміздің студенттеріне алғыс білдірді. Сабақ Халықаралық студенттік әнұранды - Gaudeamus орындалуымен аяқталды.
География және табиғатты пайдалану факультеті