"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

27 қараша, 2012

ҚазҰУ-да Президент күніне орай форум өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған форум өтті.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде сөйлеген сө­зін­де еліміздің индустриялдық-ин­нова­ция­­лық дамуы және Отанымыздың қауіп­сіз­дігі мен тұрақтылығын нығайту ісіне жас­­тарды тартудың маңызы мен қажеттілігі туралы атап айтқаны белгілі.

Жастардың азаматтық, отансүйгіштік әлеуетін арттыру мен олардың тың бас­та­маларына қолдау көрсету мақсатында Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті Алматы қаласы Әкімдігінің қол­­­дауымен форум өткізді. Алғашқы ашы­лу сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Бү­­гінгі форум Тәуелсіздігіміздің тұғырын кө­­тереді. Бұл тек ұлттық мереке емес, тә­уел­сіз­ді­гіміздің символы. «Түзу басшы ұзақ жол­ды қысқартады» деп Ахмет Бай­тұр­сынов айтқандай, Елбасы 20 жылда көп ең­бек етті. Ел ертеңі жастар жарқын бо­ла­шаққа батыл қадамдар жасайды деп сенемін, ертеңгі Қазақстан сіздерге бай­ланысты. Елбасымен бірге жаңа биіктерге», – дейді өз сөзінде. Сондай-ақ оған Алматы қа­ласының әкімдігі, аудан әкімдері қа­тысты. Форумға қатысушылар атынан Қа­зақстан жастарына арналған үндеу жол­дан­ды.