"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған бұл байқаулардың бірінші кезеңіне жоғары оқу орнының 700-ге жуық студенті қатысқан болатын. Екінші кезеңге олардың 90-ны өтті. Онда екі байқауға қатысушылардың интеллектуалды өрісі, өнері, білімі сараланып, 13 факультеттен 15 қыз бен 15 жігіт таңдап алынды.
Бұдан кейін арулар өз қолдарымен ұлттық тағамдарды дайындап, жәрмеңке өткізді, ал жиналған қаражатқа жетім балалар үйіне қамқорлық акцияларын өткізді. Ал жігіттер ұлттық, спорттық байқаулар («асық-ойнау», қол күресі, атта шабу және т.б.) бойынша өнер жарыстырып, қоғамдық, яғни үгіттік-насихат жұмысы мен адамдармен қарым-қатынас бойынша сайысқа түсті.
Онымен қоса, 15 қыз және 15 жігіт театрға барды. Онда олардың қоғамдық-мәдени өмірдегі әдебі, өзін-өзі ұстай білуі бағаланды.
Бүгінгі ақтық сынға қатысушылар - сәлемдесу; сұрақ-жауап сайысы; өнер сайысы; сән үлгілерін көрсету (дефиле) аталымдары бойынша өзара жарысқа түседі.