Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беруге ізденушілер жұмыстарын қабылдау басталды

30 қараша, 2012

Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

Мемлекеттік сыйлықты алу үшін жұмыстарды ұсыну және материалдарды рәсімдеу тәртібі туралы ереже төменде және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде 2012 жылғы 22 қарашада жарияланды.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында 2013 жылғы 1 ақпанға дейін мынадай мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 1057 бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924 бөлмеде.
Аңықтама телефоны: 8(7172)742468