РОӘК секциясының мәжілісі

30 сәуір, 2009

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары секциясының

МӘЖІЛІСІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2009 жылдың маусым айында болатын Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар секциясы жұмысына қатысуға шақырамыз.

Отырыс тақырыбы: «Болон үдерісіне қатысушы – шетелдердің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары: Қазақстандағы біркелкілік ерекшелеліктері мен мәселелері».

Талқылауға жоспарланған мәселелері:

1. Қазақстанның жоғары оқу орындары және алдыңғы қатарлы шетелдердің жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының салыстырмалылығы;

2. Болон үдерісі аясындағы оқытудың үш циклының үндестік ерекшелігі;

3. Шетелдердегі білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны;

4. Шетелдердегі білім беру жүйесінің артықшылықтары;

5. Болон үдерісінің талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары ауқымындағы даярлық тәжірибесі;

6. Білім беру бағдарламаларының еңбек нарығына сәйкестік мәселелері.

РОӘК секциясы басылымы жинағына мақала қабылдау мерзімі – 2009 жылдың 25

мамырына дейін (көлемі 6-0 бетке дейін, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінімен, TimesNewRoman, 14 pt, жоларалық -1; барлық желек – 2,5 см) .