«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»
Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай №9 жатақханада филос.ғ.к., аға оқытушы, Бияздыкова Кенжегүл Әлібекқызының ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кафедра күнінің мерекелік іс-шарасы өтті!
Бүгінгі мерекелік іс-шарада ата-бабаларымыз талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білгенін және азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбей осы тәуелсіздік туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткізгендігімізді студенттер паш ете білді.
Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш етеміз.