«Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек»
2012 жылдың 29 қараша күні Химия және химиялық технологиялар факультетінде Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы негізінде құрылған «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу клубының «Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ашық практикалық сабағы өтті.
Клуб мүшелері түрлі төтенше жағдайлардың зардаптарын видео арқылы көрсете отырып, адамдар төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кезде медициналық көмек көрсетілгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсете білу арқылы, адам өмірін сақтап қалуға болатындығын айтып, алғашқы көмектің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жер сілкіну жағдайын көрініс ретінде көрсетіп, қан кеткен, электр тоғына түскен, күйген, қолы сынған адамдарға көмек көрсете отырып, студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді практика жүзінде үйретті. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, қойылған ситуациялық сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. Химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі Тулепов М.И. клуб жұмысының маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі. Ашық сабақ Құтқарушылар әнұранын айтумен аяқталды.