Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты конференция өтеді
12 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы және Алматы қаласы Білім Департаментімен бірлесе «Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Шараның мақсаты: тарих саласында қазіргі таңдағы ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдаланулың теориялық және қолданбалы нәтижелеріне талдау жасау. Баяндамалар мен хабарламалар тақырыптары Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, саясаттану, этнология, археология, деректану және тарихнама бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды.