ҚазҰУ оқытушылары видеоконференцияға қатысты
Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарды (инвалидттерді) Тәуелсіз Елдер Мемлекеттерінде (СНГ) үздіксіз оқыту мәселелерінің жетістіктері, проблемалары және болашағы» атты халқаралық видеоконференция өткізілді. Видеоконференцияға 7 мемлекет және 30-дан астам оқу орындары, ұйымдар қатысты. әл-Фараби атындағы Ұлттық университет атынан биология және биотехнология факультеті деканы Тамара Шалахметова, дене тәрбиесі және спорт кафедрасынан кафедара меңгерушісі, оқытушылар, магистранттар, студенттер қатысты.
ҚазҰУ-дан баяндаманы дене тәрбиесі және спорт кафедрасының доценті, п.ғ.к. Дәмет Оңғарбаева « Мүгедек жандарды инклюзивті оқытудың Қазақстандағы жағдайы» атты тақырыпта жасады.
Видеоконференция жұмысына Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаты Гүлнәр Исанова қатысып, Қазақстандағы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне тоқталды.
Видеоконференцияға қатысушылар бірауыздан көтерілген мәселелердің маңызды екендігін және болашақта бірлесіп жұмыс істеу тиімді екендігін атап өтті.