Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік

3 мамыр, 2009

2009 жылдың 22 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде «Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.
Осыған байланысты бірнеше дискуссиялық бағыттар жоспарланды:
- Ақпараттық қауіпсіздік және Қазақстан БАҚ-ы: заңдылық тәжірибесі, ықпалдылығы, ресурстары;
- Отандық БАҚ-тардың мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік жолында бәсекеге қабілеттілік танытуы;
- Интернет: заңдылықтардың юрисдикциясы және сыртқы қауіп төндірулер;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қоғамдық теледидардың рөлі;
Конференцияға қатысуға ғалымдар, медиалық салалар мен ақпараттық құқықтардың мамандары, отандық және шетелдік БАҚ қызметкерлері, журналистика теориясы, саясаттану және тағы басқа да гуманитарлық ғылымдар саласының оқытушылары, халықаралық және республикалық ғылыми-білім беру қорлары мен ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, жас ғалымдар мен аспиранттар т.б. шақырылады.
Іссапарлық шығындар қатысушыны жіберуші тарапынан төленеді.
Конференция жұмысының қорытындылары бойынша ғылыми жинақ басылып шығарылады. Жарияланым ақысы – 3000 теңге. Жариялауға ұсынылатын баяндама мәтіні мен оның түйіндемесі басылған электронды және шығарылған нұсқада (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, шетел азаматтары үшін орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынылуы тиіс.
Ұйымдастыру комитеті келесі талаптардың орындалуын қажет етеді: мәтін көлемі 3-4 беттен кем болмау; қазақ тілі үшін – KZ Times New Roman, 13 кегль, орыс тілінде жазылған мәтіндер үшін - Times New Roman, мәтін жолдарының аралық қашықтығы – 1, кеглі – 14, жаңа жол 25 мм-ден басталады. Жоғары жақта ортада үлкен әріптермен автордың аты-жөні жазылады, төменде жұмыс орны мен қаланың аты жазылуы тиіс. Одан кейінгі төменгі екі жолда – мақаланың тақырыбы бас әріптермен, келесі жолда 1 см-ден кейін негізгі мәтін басталуы тиіс. Әдебиеттер тізімі – мақаланың соңында негізгі мәтіннен соң төменде 1 см-ден кейін жазылуы қажет.
Ұсыныс хаттарда: 1. Автордың аты-жөні; 2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; 3. Жұмыс орны, қызметі; 4. Баяндама тақырыбы; 5. Елі; 6. Байланыс телефондары, e-mail көрсетілуі тиіс.
Конференцияға қатысу жөніндегі мәлімдеме 2009 жылдың 12 мамырына дейін халықаралық журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Дудинова Елена Ивановнаға немесе аға оқытушы Садуақасов Абайға жіберілуі тиіс:
Тел.: (7272) 377-33-40 қосу 13-47.
Адресі: Қазақстан Республикасы, 050038, Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы,71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, e-mail Elena.Dudinova@ mail.ru; Abai.Saduakasov@kaznu.kz

2009 жылдың 22 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен журналистика факультеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 75 жылдығына арналған «Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.