Қазақстан Республикасынң Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында ел халқына арнаған Жолдауының маңызы өте ерекше деп есептейміз. Себебі, бүгінгі таңда біздің тәуелсіз еліміз өз тарихының жаңа беттеріне күн санап ерен жетістіктермен, толағай табыстармен қарқынды қадам басуда. Елбасы атап өткендей, осындан 20 шақты жыл бұрын ғана әлем жұртшылығына аса танымал емес белгісіз елден біз әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды, қуатты, гүлденген және жасампаз мемлекет құруға қол жеткізе алдық. Әрине, еліміздің жетістіктері мен толағай табыстарының басында ең алдмен Елбасы тұлғасы тұр.
Н.А. Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен саяси көргендігінің нәтижесінде сол бір қиын-қыстау шақта ел дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиясы түзілді. Күн санап алға қойған мақсаттарға табандылықпен жақындап келе жаттық. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық межесіне жеткен кезеңде біз аталған стратегиялық даму жоспарында көрсетілген мақсаттардың шын мәнінде жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бұл Жолдауда Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығара отырып,толыққанды қалыптасқан мемлекет дамуының жаңа кезеңін белгілеп берді. Ел дамуының басым бағыттары қайта сараланды. Елбасының Жолдауын тыңдай отырып, тәуелсіз еліміздің жетістіктері үшін кеудемізді мақтаныш сеземі кернеді. Расымен-ақ, тәуелсіз, бейбіт елде, әлеуметтік жаңғыру мен интеллектуалдық әлеуетті дамыту жолына түскен, саяси-экономикалық дамуы тұрақты әрі болашаққа деген нық сенім бар елдің азаматы атанып, өмір сүріп отырғанымыз үлкен бақыт. Ұлт көшбасшысы өз сөзінде басты мақсат 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып саналатынын атап өтті. Сондықтан, алға қойылған жаңа мақсаттарға жетуде әрібір қазақстандықтың үлесі болуы тиіс деп ойлаймын. Әр азамат оң өзгерістерді өзінен бастауы керек. Ел мүддесі әр азаматтың мүддесіне айналуы тиіс. Сонда ғана біз өз дамуымыздың бүгінгі таңда жетістіктерін бекітіп қана қоймай, оны одан әрі еселей түсуге қол жеткізе аламыз. Бұл жолда артылар сенім мен жүктелер міндет жүгі аса жауапты. Сондықтан, елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын әрбір қазақстандық үшін бұл Жолдауда қойылған мақсатттарды іске асыру әрқайсымыздың болашағымыздың кепілі болмақ.
Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы,
т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры