“Ұлт рухы - ұлылармен мықты!” тақырыбында байқау өтті

19 желтоқсан, 2012

Ұлт рухын көтеру үшін студенттерді ұлтжандылыққа, білімділікке, қаһармандылыққа тәрбиелеу. Егер қоғам, ел дамысын десек, әрқашан да болашақты болжап, сол келешекке қызмет атқарып отыруымыз қажет. Ал ол болашақты жасайтын - келе жатқан ұрпақ. Ертеңгінің жастары бізден де мықты, бізден де жақсы құндылықтарды игерген үлкен парасаттың иесі болуын бүгіннен бастап қадағалап, соған орай қарымды қадамдар жасау жас буынның тәрбиелеушісі ретінде біздің үлкен міндетіміз болып табылады. Ғұлама болу үшін он кітап оқу жеткілікті, бірақ ол он кітапты табу үшін мыңдаған сөрені ақтаруға, миллиондаған бетті парақтауға тура келеді. Бұл – шындық. Бүгінгі заман талабы кітаптың көптігі емес, оны қалай түсініп оқу және өмірлік игіліктерге қалай пайдалануды көздейді.

Байқауды ұйымдастырушылар мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары доцент Ш. Рамазанова, аға оқытушылар А. Нұртазина, А. Бисенбаев, Б. Досанов

Байқауға 6 команда қатысты:

1) Қасиет (геодезия және картография, қазақ бөлімі)

2) Қазына (геодезия және картография, орыс бөлімі)

3) Болашақ (геодезия және картография, қазақ бөлімі)

4) Ұлағат (гидрология, қазақ бөлімі)

5) Жалын (туризм, қазақ бөлімі)

6) Қарлығаштар (туризм, орыс бөлімі)

Жеке өнерпаздар Көркем сөз оқудан Жүнісбекова Ажар «Арманым тіріл көз ілген» (М.Мақатаев), Жолмағанбетова Айжан «Желтоқсан алаңы» (М. Шаханов), Мұхамеджан Мирас «Қап қара ғажап» (М. Мақатаев), Бұлар Азамат «Шеше» (М. Мақатаев) өлеңі, Өнер сайысынан – А. Мұратбекова, А. Ештаева, А. Жүнісбековалар «Күршілер биі», Молдашова Гүлзат «Бақыт» әні, «Мәңгілік бала бейне» қойлымында мүшедек қыз Ләйлә рөлін сомдаған Мұратбекова Әсел, «Соқыр ана» көрінісінен - Зұлхарнай Динара, «Аққулар ұйықтағанда» көрінісінен – Молдашова Гүлзат, «Әпке» көрінісінен Әкіман Жандос актерлік шеберлігі үшін мақтау қағазымен марапатталды.