ҚазҰУ студенттері жетім балаларға жаңа жылдық концерт өткізеді

20 желтоқсан, 2012

«Жаңа жылға бірлесе сый тартайық!» - дәл осындай ұранмен жаңа жыл алдындағы күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің студенттері, «Шеврон» компаниясы және «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры ұйымдастырған акция өтеді.


Жаңа жылдың қарсаңында Алматы балалар үйлері, онкология клиникасының балалар бөлімдерінің 160-қа жуық балаларына Аяз Ата, Ақшақар және олардың сүйікті ертегілерінің кейіпкерлері келмек, олар балалармен бірге қызықты ойындар ойнап, ән айтып және шырша айналып билейтін болады.

Ерікті студенттер тобы мұндай мереке-мейрамдарды алғаш рет өткізіп тұрған жоқ, олар, әсіресе, жас көрермендердің тура қуаныш пен бақыттан жүздерінің бал-бұл жайнайтындығын ерекше атайды. Дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, күлкі және жақсы көңіл-күй – тек ашу-реніштер мен психологиялық жарақаттарға өте қажетті "дәрілер" ғана емес, олар ең қатерлі, ауыр дерттермен күресте жәрдемдесе алады. Ал, қандай мейрам кәмпит пен сыйлықсыз болмақ? Оларды бірталай жылдар бойы халықтың әлеуметтік мұқтаж тобының балалары мен жастарына ұдайы көмек пен қолдау көрсетіп келе жатқан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі идеясын тәжірибеде жүзеге асырып жүрген «Шеврон» компаниясы кең пейілділікпен ұсынды.

Іс-шаралар өтетін орындар мен мезгілдер:

23 желтоқсан, сағат 10.00 – №1 облыстық балалар үйі (Алматы қ-сы, Бағанашыл шағын ауданы, Алматинская көшесі, 26 үй)

23 желтоқсан, сағат 15.00 – №1 қалалық балалар үйі (Алматы қ-сы, 3-Орбита шағын ауданы, 27 үй)

24 желтоқсан, сағат 12.00 - онкология және радиология жөніндегі ҚазҒЗИ балалар бөлімшесі (Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 91)

Қосымша ақпарат бойынша төмендегі жайға хабарласуларыңызға болады:

Сандуғаш Құдайбергенова, тел. +7 (727) 2964097, ұялы тел +7 7052068537

э-пошта: centre-dom@mail.ru