Бокстан өткен халықаралық турнирде ҚазҰУ студенті бірінші орын иеленді
Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) жастар арасында боксан халықаралық турнир өтті. Қажырлы күресте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің үшінші курс студенті Максим Панарин 69 кг. көрсеткіш бойынша алтын біріншілікті иеленді. Және ҚР спорт шеберінің көрсеткішін орындады. Боксшы А. Ағаларовты еске алуға арналған жарысқа 12 елдің спортшылары қатысты.
М. Панарин бокстан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгінде ол Филиппинде өтетін Қазақстан жастар чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындалу үстінде.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да Максим жаттығып жүрген ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт және дене шынықтыру кафедрасының доценті Бахыт Байқұлбаев тәрбиеленушісіне алдағы жарыстарда үлкен үміт артып отыр.
Максимді және ұстазын жеңістерімен құттықтаймыз!
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы