ҚазҰУ саясаттанушылары ҚР Конституциясы аясындағы оқу саясатына қатысты сұрақтарды қарастырды

14 қаңтар, 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы - жалпы еңбек қоғамын құрудың саяси-құқықтық негізі» атты «дөңгелек» үстел өтті.

«Дөңгелек» үстелдің жұмысына философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, PhD докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Қатысушылар дөңгелек үстел шеңберінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізгі кезеңдері, Қазақстан Республикасының Конституциясы контекстіндегі қазақстандық қоғамды әлеуметтік модернизациялау, Қазақстан Республикасының Конституциясы шеңберіндегі Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі және білім беру саясаты туралы мәселелер талқыланды.

Саясаттану кафедрасы