«Қазіргі қазақ мәдениетіндегі тілдің үш тұғырлығы» атты сайыс өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2012 жылдың 26 қыркүйегінде «Мәдениет.kz» клубының жетекшілігімен «Қазіргі қазақ мәдениетіндегі тілдің үш тұғырлығы» атты факультеттік деңгейде сайыс өткізеді. Сайыстың негізгі шарттары: әр мамандықтан 1 топ, құрамында 3 адам болуы тиіс.
1-тур: «Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы» атты арнайы тақырыпта баяндама. Слайд түрінде дайындау (4 мин.) 2-тур: «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданылу аясы» тақырыбында әр топқа алдын ала дайындалған 6 сұрақ қойылады. Оның ішінде тілге байланысты көнерген сөздердің мағынасын ашып айту, тілге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастыру, викториналық сұрақтар және т.б. 3-тур: Шығармашылық тур (әртүрлі жанрда).
Бұл сайыстың негізгі мақсаты: Жастар арасында қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданылу аясы, қазақ тілінің бүгіні мен болашағы тақырыбында пікір алмасу.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Философия және саясаттану факультеті
дінтану және мәдениеттану кафедрасы