Бір шаңырақтың астында
1 мамыр мерекесі Кеңес Одағы кезеңінен кейін кішігірім өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бастап осы көктемгі мереке сақталып, «Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі» деп аталды, өйткені Қазақстан Республикасы – жүз отыздан аса ұлт пен ұлыс мекендейтін көп ұлтты мемлекет.
Осы мерекеге орай Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында жатақханалардың студенттік кеңесі дайындаған көркемөнерпаздар концерті өтті.
Сахнада корей, тәжік, орыс, өзбек, араб, түрік және басқа да халықтардың билері орындалып, әндері шырқалды. Түрлі-түсті костюмдер, шарлар және көрермендердің көңілді күлкілері бірлік пен татулық сезімдерін ұялатты.
Концерт жоғары нотада аяқталды, алаңда болған әрбір адам көтеріңкі көңіл-күйде болды. Өйткені бұл күн – тек біздің кең байтақ Отанымыздың халықтарын біріктірудің символы ғана емес, ол мерекенің барлық ұйымдастырушыларының басын қосып, ынтымақтастық байланыс орнатуға ықпал етті.
Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент