«Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық алаңдарында университет факультетінің құрама командалары және оқытушы-профессорларының, қызметкерлері мен докторанттарының арасында 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы спорттың сегіз түрінен: бадминтоннан волейболдан (ерлер және әйелдер), дартстан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, мини-футболдан және үстел теннисінен болып өтті.
Спартакиаданың үздік ойыншылары:
Бадминтон
Бондаренко Н. – физика-техникалық факультет
Кушумов А. – әскери кафедра
Үстел теннисі
Дробышев Н.С. – физика-техникалық факультет
Галеева А. – химия және химиялық технология факультеті
Тоғызқұмалақ
Кайысова Л. – механика-математика факультеті
Кенесов А. - философия және саясаттану факультеті
Бекмухамед А. – физика-техникалық факультет
Дартс
Байтулаева Б. - химия және химиялық технология факультеті
Алимкулов Е.Т. – механика-математика факультеті
Волейбол ерлер
Еспенбеков К.Т. – механика-математика факультеті
Жанибеков А.К. - заң факультеті
Узбеков Б. – әскери кафедра
Мини-футбол
Батырбаев А.А. – физика-техникалық факультет
Багылбек Э. - заң факультеті
Шахмат
Алпысбаева Б.Е. – физика-техникалық факультет
Данаев Н.Т. – механика-математика факультеті
Волейбол әйелдер
Мажитова А. – механика-математика факультеті
Сызганбаева С. – физика-техникалық факультет
Елбаева З. - философия және саясаттану факультеті
Жалпыкомандалық есеп бойынша 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасының жүлделі орындары келесі кезекпен бөлінді:
I орын– механика-математика факультеті
II орын – физика-техникалық факультет
III орын - химия және химиялық технология факультеті.
ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы барлық жарысқа қатысушыларды құттықтайды.