Табаған – белсенді адамдарға таптырмас демалыс
27 қаңтар күні рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері – Табаған – таушаңғы курорты, ойын-сауықтыру кешеніне сапар ұйымдастырып отыр. Студенттер мен оқытушылар сапарға қосыла алады.
Қаланың шуынан шаршасаңыз, Іле Алатауының баурайында – «Табаған» таушаңғы курорты, ойын-сауық кешені орналасқан.Бұл Қазақстанда өзіне теңі жоқ керемет жер.
«Табаған» Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жанында Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан. Алматы қаласының шекарасынан 17 км жерде, 55 гектар аумақта орналасқан. Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – 1650 метр.
2011 жылы Табағанда фристайл бойынша Азия ойындары өткен.
Табағанда таудың таза ауасымен демалуға, шаңғы теуіп, сноуборд, шана, баллонмен сырғанауға болады. Толығырақ http://vk.com/youthtravel, www.youthtravel.kz сайттарынан біле аласыздар.
Бағасы: 1500 тг (трансфер, кеңес беру)
әл- Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінің»
студенттік «YouthTravel» start-up компаниясы
Қосымша ақпарат үшін +7707430 55 66