ҚазҰУ студенттері метромен жүруді таңдайды
25 қаңтар 2013 жылы метроның «Алмалы» бекетінде «Студенттер метромен жүруді таңдайды!» атты акция өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 100-ден астам студенті қатысты.
Жастар метрополитенді насихаттаудың өзіндік үлгісін тапты. Студенттер үлкен тәтті нан пісірді, ұзындығы 8,3 м., бұл ең әуелі метроның ұзақтығын білдіреді. Алма, шиемен тәтті сүзбелі дәмді тамақтар қазіргі таңда қызмет көрсетіп отырған жеті бекеттің атауы «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр, «Әуезов» және «Алатау» әсемделген.
«Біз жастарды біздің бастамамызды қолдап, метро қызметін қолдануға шақырамыз. Бұл тиімді, ыңғайлы, қауіпсіз әрі табиғи таза көлік түрі. Біздің метро ең әдемі метролардың бірі. Әрбір бекет өзінше ерекше. Жуық арада тағы да бекеттер қосылып, метрополитенді одан да танымал етеді», - деді ҚазҰУ студенті Нұрзина Қыдыралина.
Метрополитен жолаушылары арнайы дайындалған дәмнен ауыз тиіп, ҚазҰУ студенттерінің концерттік қойылымдарын тамашалады. Тематикалық викториналарға қатысып, акцияны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Викторина жеңімпаздарын метрополитен басшылығы жинақтаушы карточкаларымен марапаттады.
«Елбасы Жолдауында Президент елдегі инженерлік білім жүйесі мен заманауи техникалық маманыдықтарға баса назар аударылды. Бүгінде метрополитенде 400-ден аса жас мамандар қызмет етеді. Бұл қызметкерлердің тең жартысына сәйкес келеді. Күні кеше біз әртүрлі оқу орындарының түлектері едік, ал бүгін серпінді дамып отырған кәсіпорында жұмыс істейміз. Біз жұмыс барысында жаңа идеялар мен инновацияларды өндіріске ендіреміз. Мен, осында қатысушы студенттердің көбі, ертең біздің әріптесім атанады деп сенемін», - дейді өз сөзінде электрожұмыс бастығының орынбасары Нұрлан Бердіғожин.
Мағлұматтық анықтама:
1 желтоқсан 2011 жылы Алматы қаласында ең бірінші рет метро ашылған болатын, ұзындығы 8,3 км. Бұл біздің тарихымыздағы басты оқиғалардың бірі болып табылады. Метро қызметімен 6 млн.-ға жуық жолаушылар қолданып үлгерген. 2014 жылдың бірінші жартысында метроның екінші кезегі ұзақтығы 2,8 км. «Сайран» мен «Мәскеу» екі бекеті іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 5 бекеттің құрылысы «Алатау» мен «Қалқаман» батыс бағытында жұмыстары жасалып жатыр.
Алматылық метрополитен «Метро» Халықаралық Қауымдастығына кіреді және ТМД елдеріндегі метрополитендер Қауымдастық құрамындағы ең жас кәсіпорын болып табылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша біздің метрополитен Тель-Авив қаласындағы өткен Халықаралық «Алтын арба» сыйлығының марапаттауында лауреат атанды.