Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы өмірінен
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. Университет ректоры Ғ. Мұтанов оқу орны жастарға тек білім беріп қана қоймауы тиіс, оған қоса студенттерді тұлға болып қалыптасуға бағыттап, жастардың менталитетін қалыптастыруы тиіс дегенді басып айтады. Биылғы оқу жылында шетелдік студенттер Ауған елінен, Қытай, Корея тағы басқа да мемлекеттерден келіп оқып жатыр. Олар қазақ және орыс тілдерін аса қызығушылықпен оқып, Алматы қаласының көрнекті жерлеріне жиі саяхатқа барып тұрады.
Осындай әсерлі шаралардың бірі, 2013 жылы 19 қаңтар күні студенттер барып, тамашалаған Түркиялық фотограф Али Мурат Джоруктың «Рассказы о Казахстане» атты фотокөрмесі. Студенттер аталған көрмедегі суреттерді аса қызығушылықпен тамашалап шықты.
Фотокөрмеде студенттер Алматы мен Астана қаласының сұлу көріністерін тамашалап, қазақстандықтардың өмірімен жақынырақ танысты. Ауған студенттері Астана қаласының сұлулығы мен сәулетінің сәніне таңданыспен қарады.
Барлық студенттерді «Бәйтерек» монументінің сымбаты таңқалдырды.
Көрмедегі ақсақалдар мен балалардың, еңбек адамдарының фотопортреттері Қазақстанның күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертіп тұр. Фотокөрменің ерекше әсерлі болғанынан болар, студенттер факультетте «Бүгінгі Алматы» тақырыбына фотобайқау өткізу туралы ниет білдіріп жатты.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы