Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Таллорес Халықаралық жоғары бiлiм институттары қауымдастығының мүшесі болдыFarabi University

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Таллорес Халықаралық жоғары бiлiм институттары қауымдастығының мүшесі болды

30 қаңтар, 2013

Таллорес Ассоциациясы (The Talloires Network, http://talloiresnetwork.tufts.edu/) Тафтс университеті жанындағы жоғары бiлiм институттарының халықаралық қауымдастығы болып табылады. Бүгінде ассоциация құрамына жалпы саны 6 миллионнан астам студент бар әлемнің 62 елiндегi 247 университет кіреді. Халықаралық қатынастар факультетiнің бастамасымен және Мичиган университетiнің шақыруы бойынша (АҚШ ) ҚазҰУ Talloires Network ассоциациясына қабылданды және ҚазҰУ үшін арнайы сайт парақшасы жасалды (http://talloiresnetwork.tufts.edu/al-farabi-national-university-kazakhstan/).

«Университет бұл ұйымға енуде көп жұмыс жасады. Ұйымға ену Қазақстанның және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде ҚазҰУ-дың имиджін көтереді, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуды арттырып, оларға көптеген зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді», – дейді халықаралық қатынастар факультететінің деканы Кәрімжан Шәкіров.

Ассоциация мүшелерi қатарында АҚШ-тың үздік университеттері бар (Американдық Университет, Джорджтаун Университетi, Джордж Вашингтон Университетi, Мичиган Унивесрситетi, Дьюк Университетi, Нью-Йорк Университеті, Сиракуз Университетi, Тафтс Университеті және басқалары)