"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
31 қаңтар, 2013
31 Қаңтар 2013, 16:00
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде ұлттық асхана туралы жобасын ұсынды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде 25-26 қаңтарда «Жоғары оқу орындары ортасында қонақжайлық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтті. Онда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының қос дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттары «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.
«Айгерім Сарғожаева, Қуаныш Сейсенбаев сияқты қазақ магистранттарының жасаған дастарханы қазылар алқасымен бірге форумға қатысқан басқа елдердің өкілдерін де қызықтырды. Жоба сюжетінің негізіне Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері алынған болатын. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыра отырып, қатысушылар тарих және ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін көрсете білді, ал олар дайындаған тағамдар - наурыз көже, бешбармақ, бауырсақтар үйде дайындалған тағамдардан бірде-бір кем түспеді. Олардың құрамындағы кейбір компоненттерді жастар Қазақстаннан арнайы алдырған болатын», - дейді кафедра меңгерушісі Александр Артемьев.
Басқа жаңалықтар
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024