Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық орнаған. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. 2013 жылы ақпан айының 1 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасы дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Гао Чен мырза және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Т. Молдаханов, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ә. Нұршайықова қатысты.
Кездесу барысында профессор Ж.Ә. Нұршайықова кафедрада жүргізіліп жатқан білім жүйесімен, оқу-әдістемелік жұмыстарымен, оқу-әдістемелік жабдықталуы, ерекшеліктері мен басым тұстары туралы мәлімдеме жасап, кафедрадағы ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми, мәдени байланыстар орнату туралы ұсыныстар жасалды.
Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Гао Чен мырза өз еліндегі жоғары оқу орындарының тарихымен, білім берудегі өзіндік жүйесімен, әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманғы жаңалықтарымен таныстырып, ой бөлісті. Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында өткен кездесуде екі жақты студенттермен және білікті, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе алмасу туралы әңгіме жалғасын тауып, келген қонақ факультеттегі мұражайды аралап, өз қызығушылығын білдірді. Сонымен бірге, студенттердің жатақханасын аралап, шетелдік студенттердің әлеуметтік жағдайымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысты.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті