Дені саудың – жаны сау

6 ақпан, 2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Л. Иманғалиева және Түркісіб аудандық Туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігері Д. Сабазова қатысуымен «ҚазҰУ-да туберкулезге қарсы санитарлы-эпидемиологиялық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру, кешенді жоспармен өткізу» тақырыбы төңірегінде дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры М. Ноғайбаева, барлық факультет декан орынбасарлары, жатақхана коменданттары қатысып, қазіргі таңда өкпе ауруларының асқынып жатқандығы туралы сауалдарын ортаға салып, алдын-алу шаралары мен атқарылған жұмыстарға есеп те берілді. Студенттік емхана басшысы Л. Иманғалиева жасаған баяндамадан жыл сайын жастар арасында бұл аурудың асқынып келетіні, жас көрсеткішінің өсуі, статистика мәліметтері мен ауру белгілері байқалғанда көрсетілетін жәрдем түрлері кеңінен айтылды. Әрбір тұлға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қызметкерлер мен студенттер флюорографиядан уақытылы тексеріліп отыру керектігін, студенттер арасында аурудың белгілері мен емдеу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жасау артық етпейтіндігі де айтылды. Жиын соңында студенттер арасында санитарлы-насихаттау жұмыстарын кеңінен жүргізуді қолға алу керектігіне баса назар аударылды.

ҚазҰУ-дың Баспасз қызметі