ҚазҰУ - темекі түтінінен азат аумақ

12 ақпан, 2013

2009 жылы қабылданған ҚР «Ұлт денсаулығы» туралы заңына сәйкес, мемлекеттің қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынды. Қазақстан Республикасының «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің білім алу орталықтарында шылым шегуге тыйым» туралы Кодексінің 159 бабы 5 тармағына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «темекі түтінінен азат аумақ» болып жарияланды. Осыған орай, университеттік «Жасыл қалашық» және «Саламатты дене мәдениеті» бағдарламалары аясында Студенттер Сенаты рейд жүргізеді.

Рейд мақсаты - ҚазҰУ аумағында шылым шегу жағдайларын азайту, алдын-алу болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережені бұзған барлық адамдар (оқытушылар, студенттер және университет қызметкерлері) суретке түсіріліп, суреті «Ұят тақтасына» ілінетін болады. Сонымен қатар, Сенат мүшелерімен салауатты өмір салтын насихаттайтын түрлі акциялар өткізілетін болады. Барлық студенттерді осы акцияға және студенттік қалашығымыздың аумағында шылым шегуге күреске белсенді түрде қатысуға шақырамыз!