Жастар Жолдауды талқылауда

12 ақпан, 2013

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына байланысты Мәдениеттану мамандығының эдвайзері философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Мұханбет Әсем Әнуарбекқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты факультет деңгейінде дөңгелек үстел өтті.

Бүгінгі дөңгелек үстелдың алғашқы құттықтау сөзімен философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова мен дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева ашты. Жиынға факультеттің барша оқытушылары қатысып, студенттердің пікірлерін талдап, дұрыс шешімдерін айтты. Арнайы тақырып төңірегінде студенттер баяндама оқып, онда әлемдік дамыған 30 елдің қатарына қосылу, латын тіліне көшу және т.б. тақырыптар талқыланды. Білім мен ұлтжандылықтың арқасында қол жеткізуге болатынын да айтылды. Біршама студенттер өз ойлары мен болашақтағы жоспарларын, алға қойған мақсаттарында ортаға салды.

Философия және саясаттану факультеті