ҚазҰУ-да педагогикалық идеялар фестивалі өтеді
21 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқытудағы технологиялар диагностикасы» атты республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары мен ҚазҰУ оқытушыларының қатысуымен тіл аспектілері мен сөйлеу қызметінің түрлерін оқытуға, Қазақстанның еуропа тестілеу жүйесі мен шет тілін меңгеру деңгейлерінің сипаттау жүйесіне, ықпалдастығына қатысты мәселелер, сондай-ақ жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың жаңа бағыттары мен өзекті мәселелеріне арналған әдістемелік семинар мен мастер-кластар өткізу жоспарланып отыр.
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы кафедрасы