ҚазҰУ-да мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы талқыланды
Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипмиссия» клубы бастауымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: болашаққа айқын жол» атты тұжырымдамасы талқыланды.
Пікірталас барысында «Дипмиссия» клубының жетекшілері бастаған Сембеков Нұржан мен Шакеева Ботагөз студенттермен, магистранттармен және ұстаздармен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақты рөлін, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік беруін, жастардың әлеуеттенуіне жағдай жасағанын қарастырып, тұжырымдаманың сапалы білім беру, жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй және т.б. да өзекті мәселелерін талқылады.
Халықаралық қатынастар факультеті