«Айналаңды нұрландыр» жобасы «Көмек» еріктілер қозғалысында өз жалғасын тапты

18 ақпан, 2013

Университетіміздің ректоры Ғ. Мұтанұлы бастаған «Айналаңды нұрландыр» жобасы жастар қатарынан қолдау табуда. ҚазҰУ-дың «Көмек» еріктілер ұйымы қалалық деңгейде «Мақсатқа бірге жетейік» тақырыбы аясында қалалық деңгейде дөңгелек үстел өткізді.

«Айналаңды нұрландыр» жобасының бұл ұшқыны, жоғары оқу орындарындағы еріктілік қозғалыс пен оның қазіргі таңдағы дамуын, «еріктілер корпусын» құру негізіндегі тақырыптарды қозғаған болатын. Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры М. Ноғайбаева, ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі С. Ишанғалиева, «Сұнқар» Студенттер кәсіподағы төрайымы Ә. Қарақожаева, Алматы қалалық балалар құқығын қорғау департаментінің өкілдері мен «Орал» қоғамдық қорының басшысы, АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, АТУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Нұр-Мұбәрак Университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ көшбасшылары бас қосқан болатын.

Дөңгелек үстел барысында көкейде жүрген сан қилы жастар мәселесі талқыға түсті. Негізгі ой өзегін еріктілер қоғамының жұмысының қазіргі таңдағы дейгейі мен алдағы жоспарлары айтылды. ҚазҰУ жастарының тек білім алып қана қоймай, әлеуметтік ой сана мен рухани тәрбиеге баулу, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуға шақырды. «Көмек» еріктілер ұйымы жоғары оқу орындарының өкілдерімен өз тәжірибелерімен алмасты. Яғни, қайырымдылық пен жан жылуынан құралған бұл ұйым мектеп-интернаттары мен қарттар үйі, онкологиялық орталық пен аутизм мектептеріндегі жинаған сан қилы тәжірибелері мен жасаған жұмыстарының нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар, жақсылық жолында бір мақсатты алға қойған өзге оқу орындарының ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Көмек» еріктілер қозғалысы