Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы дөңгелек үстелде талқыланады

18 ақпан, 2013

2013 жылдың 21 ақпаны сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының ашылуымен «Қазіргі заманғы Қытай және Қазақстанмен қатынасы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі заманғы Қытай қоғамы және Қазақстанмен қатынасы кең көлемде талқыланады. Қытай Халық Республикасының ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық, дипломатиялық қатынастары, білім-ғылымы мен мәдениетінің қазіргі жағдайы және болашақ даму беталыстары, Қазақстанмен қарым-қатынасы жан-жақтылы талқыланады.

Дөңгелек үстелге республикамыздың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары және жас мамандар қатысады.

Дөңгелек үстел материалдары «ҚазҰУ Хабаршысында» жарияланады.

Халықаралық қатынастар факультеті