ҚазҰУ студенттері қарттар үйіне барды

21 ақпан, 2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушысы С.Д. Ермағанбетова және белсенді студенттік құрамның ұйымдастыруымен 20 ақпан күні «Қарттарым-асыл қазынам» атты тақырыппен Алматы қалалық қарттар үйіне барып қайтты.

Елімізде жаңа әскери күн белгіленді, алайда 23 ақпанда әлі де кеңестік әскер қатарында болған сарбаздардың жадынан ұмыт қалмақ емес. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Сондықтан, ол кісілерді мерекелерімен құттықтап, көңілдерін бір марқайту – кішіпейілділіктің белгісі. Осы кеш ардагерлерге үлкен қуаныш сыйлағандай болды, себебі барлығының жүздерінде жоғары көңіл-күйдің нышаны байқалды. Жастар қарттарға концерттік бағдарлама қойды.

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы