ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Корей Республикасының бас консулы Сон Чхи Кын мырза дәріс өткізді

25 ақпан, 2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Самсунг және Тойота компанияларының салыстыруларынан көрінетін Қазақстан менеджментінің стартегиясы» тақырыбында Корей Республикасының бас консулы Сон Чхи Кын мырза дәріс өткізді.

Сон Чхи Кын мырза ұзақ жылдар бойы табысты дипломат ретінде қызмет атқарып келеді. Қазақстанға дейін ол Жапония, Австралия, Папуа-Жаңа Гвинея сияқты мемелекеттерде қызмет атқарған. Докторлық дәрежесін Жапонияның үздік университеттерінің бірінен алып, Жапония корпорацияларының тарихы туралы кітаптардың авторы болып табылады. Сол себептен, Бас консулдың өткізген ашық дәрісі корейтану және жапонтану кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттар үшін өте пайдалы кеңестерге толы. Кафедраның белсенді студенттеріне корей дәстүрлі маскалары сыйлыққа берілді.


Шығыстану факультеті