Халықаралық қатынастар факультетінде Қытайтану тереңірек зерттелмек

25 ақпан, 2013

21 ақпанда «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу» орталығының ашылу салтанатына орай «Қазіргі заманғы Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға жан-жақтан сыйлы қонақтар келді. Баяндамашылар қатарында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш Елшісі, қытайтанушы ғалым, «Мұхтар Әуезов қорының» директоры М.М.Әуезов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Х.М.Әбжанов, профессор К.Ш.Хафизова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, профессор З.Қинаятұлы, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Д.С.Раев және С.Демерел атындағы Қазақ-Түрік университеті, профессор Жеменей Ислам сияқты аса құрметті тұлғалар өз көзқарастарымен бөлісті. Жиын барысында ғалымдар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Халықаралық қатынастар факультеті