«Көмек» еріктілер ұйымы байқау өткізді
22 ақпанда ҚазҰУ студенттерінен құралған «Көмек» еріктілер ұйымы, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында «Жарқын Жұлдыз» атты ән-би-аспаптық байқау өткізді.
Байқауға Алматы қаласындағы №1, №4, №6, №7, №8 интернаттар мен «SOS Алматы балалар қалашығы» тәрбиеленушілері қатысты. Үш түрлі өнер сайысында №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Думан Смақов «Жарқын Жұлдыз» номинациясына ие болды. Өз интернаттарына қолдау көрсетіп келген балалардан бастап, сайыскерлердің барлығына байқау соңында сыйлықтар таратылды. Байқауды өткізуге демеушілік жасап, көмек көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Парасат» кәсіподағы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағына жүздеріне күлкі ұялаған балалардың алғыстары шексіз болды. «Көмек» еріктілері игі істерін жалғастырып, келешекте жаңа мерекелік концерттер мен бағдарламаларымен қуантпақ.
«Көмек» еріктілер ұйымы
Басқа жаңалықтар


