ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

25 ақпан, 2013

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ӨКІЛДІК

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

Ел: Қазақстан, Алматы

Өткізу уақыты: 23-24 мамыр, 2013 ж.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің арабтану және ирантану кафедрасы, Ирантану орталығы, әл-Фараби орталығы, философия кафедрасы.

Конференцияның мақсаты – Қазақ халқының мәдени мұра тарихының маңызды үрдісінің ғана емес, сондай-ақ әлемдік аумақтағы мәдени диалог пен коммуникацияның ең көрнекті көрсеткіші болып табылатын Әл-Фараби шығармашылығын рухани-интеллектуальды мұра тұрғысында зәрулігін арттыру, айқындау және қайта қарау.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Әл-Фараби және заманауи философиялық мәселелер.
  2. Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке ықпалы: тарих және қазіргі заман.
  3. Әл-Фараби мұрасын зерттеудегі тіл, әдебиет және аудармашылық іс-әрекет.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, парсы, орыс және ағылшын

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама мәтінінің электрондық нұсқалары мына kc-konf@mail.ru электронды пошта бойынша 2013 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы және мақаланы жариялау құны 3000 теңге. Жолқаражаты мен қонақүйді қатысушы өзі көтереді. Жарна төмендегі есепшотқа төленіп, түбіртегі өтінішпен бірге жіберілуі қажет. АҚ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ», KZ4402 5765 0682 3173. Түбіртекте «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» конференциясы деп көрсетілуі керек.

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар: Баяндама мәтіні 7 беттен аспайтын Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Баяндамалар үшін Times New Roman шрифті, 14–кегль қолданылады. Жоларалық қашықтық –1, жан-жағынан қалдырылатын бос орын – 20 мм.

Мақала соңында 2 тілде резюме берілуі тиіс. Парсы тілінде жазылған мақалада аннотация қазақ немесе орыс тілдерінде жазылу керек. Баяндама мәтіні мен өтініштің (бет нөмірі көрсетілмей) электронды нұсқасы мына kc-konf@mail.ru электронды поштаға жіберіледі (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Тіркелу формасы:

  1. Аты-жөні
  2. Жұмыс орны, қызметі
  3. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
  4. Мақаланың тақырыбы
  5. Мекенжайы, байланыс телефоны, факс, е-mail
  6. Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек
  7. Конференцияға қатысу түрі, қонақүйден орын брондау

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті (№5 ғимарат), Карасай батыр көшесі 95.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 243 83 47, 283 43 54, + 7 707 5005595

Ұйымдастыру алқасы