Ең үздік 13 студенттік топ анықталды

26 ақпан, 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2013» байқауының алғашқы додасы аяқталды. Яғни әр факультеттің көздерінде жалын, жүздерінде от ойнаған, жүректерінде намыс оты кернеген ең білімді, ең белсенді студенттерінен құралған үздік топтар анықталды.

Жалпыуниверситеттік жарысқа жолдама алған топтардың реті келесідей:

  1. Механика- математика факультеті (АЖ-5);
  2. Физика-техникалық факультеті (РЭТ-229);
  3. Биологии и биотехнология факультеті (кБТ-102к);
  4. Журналистика факультеті (201);
  5. География және табиғатты пайдалану факультеті (туризм мамандығы, 4к.қб);
  6. Заң факультеті (201);
  7. Химия және химиялық технология факультеті (ОЗХТ204);
  8. Философия және саясаттану факультеті (мәдениеттану мамандығы, 2к.қ/б);
  9. Тарих, археология және этнология факультеті (КІ-01К);
  10. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті (ҚФ-1);
  11. Экономика және бизнес жоғары мектебі (МжЖБ10к2);
  12. Халықаралық қатынастар факультеті (ХҚ11);
  13. Шығыстану факультеті (шығыстану мамандығы, 4к.).

4 наурызда факультеттен суырылып шыққан жастар байқаудың І турында бақ сынасады. ҚазҰУ студенттерін әлеуметтік белсенді тұлға ретінде тәрбиелеу, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат еткен «Ең үздік студенттік топ – 2013» байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өткен топтар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Еліміздің көк туын биікке көтерер, әнұранын асқақтатар жалынды жастарымызға сәттілік тілейміз!

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы