«Діни экстремизм және халықаралық лаңкестік» атты дөңгелек үстел өтті

27 ақпан, 2013

Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және халықаралық лаңкестік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға халықаралық құқық бөлімінің студенттері, дипломатиялық аударма, халықаралық құқық кафедрасының оқытушы, доценттері қатысты.

Мамандар діни экстремизм және халықаралық лаңкестік туралы терең мағлұмат беріп, қазіргі қаптаған діни ағымдардың кейбір іс-әрекеттерінің қауіптілігіне, экстремизм мен терроризмнің Қазақстан аумағындағы көріністерімен күрес жүргізу жолдарының өзектілігіне, 2011 жылдың 11 қазан күні шыққан «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы» (7-бабына), еліміздегі діни ахуалға тоқталды.

Тақырыптың өзектілігі неде? Неге экстремизм мен лаңкестік күн тәртібінен түспейтін өткір мәселеге айналды? Олардан жастар қалай сақтану керек? Қоғамымызға қандай қауіп төндіреді? – деген сауалдар төңірегінде сұхбаттасу жүргізілді. Өзекті тақырып қатысушыларды бейжай қалдырмады. Халықаралық құқық-30 тобының студенттері Джапиашвили Тинатин, Дауренбекова Динара, Брусенская Ирина, Таникеев Данияр, халықаралық құқық-31 тобынан Орынбеков Нұрсұлтан, Жайлау Мұстафа Қазақстанда қанат жайған лаңкестік топтары, олардың жастарға тигізетін әсері жөнінде баяндама оқып, бейнематериал көрсетті.

Халықаралық қатынастар факультеті