әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының 2009 жылдың 27 сәуірі – 10 мамыры аралығында Лондонның Жаһандық университетіндегі UCL (Ұлыбритания) біліктілігін көтеруі

18 мамыр, 2009

Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылық құрамның белсенді халықаралық ынтымақтастыққа ат салысуы мен шапшаңдығы әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары білімнің қазіргі интеграциялануы жағдайында маңызды бола бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы бойынша негізгі шараларды жүзеге асырудың жоспарына сәйкес, осы университеттің 14 үздік оқытушысы 2009 жылдың 27 сәуірінен 10 мамырына дейінгі аралықта Лондонның Жаһандық университетінде University College London (UCL, Лондон, Ұлыбритания) біліктілік жетілдіру курстарынан өтті.

UCL әлемнің жетекші университеттерінің бірі, сонымен қатар Ұлыбританияның мықты университеттерінің алдыңғы үштігіне кіреді, The Times Higder Education апталығының және SQ халықаралық компаниясының, Quacguarelli Symonds жобалауынша 7 орын иеленеді.
Оқытушылар біліктілікті жетілдіру курстары бойынша студенттерге білім берудің инновациялық тәсілдерімен танысу, әріптестердің дәрістері мен семинарларына қатысу, оқытудың және өзге де мәселелердің электронды ортасын жобалау секілді бағдарламалардан өтеді.
ҚазҰУ оқытушылары профессорлар С. Ә. Әшімханова, М.С.Төлегенова, К.А.Сапаров, Г.В.Абрамова, Б.К.Заядан, Б.И.Абирова, С.М.Тәжібаева, З.Т.Садуақасова, Г.Б.Мәдиева, Н.Нұрахметов, Л.В.Екшембеева және доценттер Н.У.Шеденова, Н.Ш.Альжанова, А.Б.Темірболат курстың соңында сертификаттарға ие болды.

Проф. С. Тажибаева, доц. А. Темирболат, проф. Н. НурахметовUCL проректоры М.Уортонмен кездесуі