Алматыдағы жиында экологиялық мәселелер кеңінен талқыланды

1 наурыз, 2013

ҚазҰУ-да «Ұзақ уақыт ашық сақталған күкірттің қоршаған ортаға әсері мен эмиссиясының өндірістік мониторингін жүргізу және ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқаулар» атты ұлттық стандарттың жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институты күкірттің ашық сақталуының қоршаған ортаға әсері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының жобаларын талқылауға қатысты.


Дөңгелек үстел отырысында Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің, Төтенше жағдайлар Министрлігінің, Мұнай және газ Министрлігінің, Индустрия мен жаңа технологиялар Министрлігінің өкілдері, Атырау облысының әкімдігі, «Теңгізшевройл» ЖШС, «КАЗЭКОПРОЕКТ» ЖШС және т.б. қатысты.

Экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының атынан эколог-мамандар ЭМ ҒЗИ-нің директоры, география ғылымдарының кандидаты Скакова А.А., биология ғылымдарының докторы, профессор Бигалиев А.Б., география ғылымдарының докторы, профессор Сальников В.Г. өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында ашық сақталған күкірттің қоршаған ортаға әсері жайлы сұрақ талқылануда. Осыған байланысты, РҒӨАО «Казэкология» мамандары ұзақ уақыт ашық сақталған күкірттің қоршаған ортаға әсері мен эмиссиясының өндірістік мониторингін жүргізу және ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқауларын ұсынды.


Экологиялық мәселелер ҒЗИ