Республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Тілдерді оқытудағы технологиялар диагностикасы» атты республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
Фестиваль аясында қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың жаңа бағыттары мен өзекті мәселелеріне арналған әдістемелік семинар мен шеберлік сағаттары өткізілді.
Фестиваль жұмысына ҚазҰУ мен Қазақстан Республикасының 8 жоғары оқу орнынан (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПИ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты т.б.) келген жетекші оқытушылар қатысты. Оқылған 35 баяндамада мәдениаралық қарым-қатынас, шет тілдеріне үйретудегі психолингивистикалық ерекшеліктер, қазіргі лингвистикалық кеңістіктегі парадигма әдістемесі сынды мәселелер қарастырылды.
Оқулықтар, оқу құралдары және монографиялармен таныстыру да фестиваль бағдарламасына енгізілген.
Фестиваль соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті