- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың белсенді студенттері «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы» міндеттерді талқылады
ҚазҰУ-дың белсенді студенттері «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы» міндеттерді талқылады
Әл-Фараби атындағы белсенді студентер ұйымдары өз жұмыстарын Президент жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясымен» орайластырып, алдағы жұмыс барысын нақтылады.
Белсенді студенттер отырысына университет ректоры Ғ.Мұтанов, Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев, университеттің жастар ұйымдары мүшелері мен жетекшілері, факультет декандары, куратор-эдвайзерлер мен студенттер қатысты.
Сәуле Ишанғалиева (Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі) «Елбасы Жолдауында елдің дамуы басты бағдар екені туралы айтылды. Нақты міндеттер қойылды. Соның ішінде жастарға көп міндеттер жүктелді. ҚазҰУ студенттері Ұлт Көшбасшысының бағытын қолдайды және бірлесе белсенді жұмыс істеуге дайын» екендігін атап айтты. ҚазҰУ-дағы студенттік өзін-өзі басқару жүйесі әлеуметтік әріптестік негізінде құрылған. Студенттердің кез келген мәселелері университеттің басшылығымен қарым-қатынастың жоғары деңгейде, тығыз байланыстың орнағанынан жылдам өз шешімін тауып жатады. Әлеуметтік қорғау, бос уақытты тиімді пайдалану, ұйымдастыру жолдары, студенттердің ғылыми жұмыстарына баса назар аударылатындығына да тоқталды.
ҚазҰУ-дың болондық процесі бойынша студенттік бюросының мүшесі Диана Оспанова кездесудің қатысушыларына ағымдағы жылдың сәуір айында университетте «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ халықаралық студенттік форумының өтетіндігі туралы айтты. Бұл форум Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын қолдау мақсатында «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір» ғылыми негізделген және инновациялық принциптерге сай әлемдік қиындықтарды жеңіп шығуға бағытталған. Сонымен қатар, жастарды «Жасыл экономика» үдерісіне тарту және экологиялық бастамалар барысында студенттік ұйымдар арасында тәжірибе алмасу, бірлесе жұмыс жасауға жол ашатындығын атап кетті.
Бүгінде ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті университеттің 200-ден аса студенттік бірлестіктерінің басын біріктіріп, жұмысын үйлестіреді. Студенттер сенаты, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ, Жоғарғы студенттік жатақхана кеңесі, студенттік деканат және т.б. жұмыс істейді. Университеттің қоғамдық жұмыстарына 4 мыңнан астам студенттер атсалысады. «Айналаңды нұрландыр», «100 кітап», «Салауатты өмір», «ҚазҰУ Green campus» және басқа жалпыуниверситеттік жобалар да жақсы қарқынмен іске асып келеді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттік ұйымдар жұмысын жақсарту жолдары туралы ой-пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Белсенді студенттер ҚазҰУ-дың жастар ұйымдары комитетінің жетекшісіне Экономика және жоғары бизнес мектебінің 4 курс студенті, студенттер сенатының төрағасы Нұрлан Әбдіқадыровты сайлады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі