ҚазҰУ студенттері қолөнерден көрмеге қатысыңыздар
15 наурыз Философия және саясаттану факультетідінтану және мәдениеттану кафедрасының Мәдениет.kz клубы ұйымдастыратын қолөнерден көрме өтеді. Көрме мақсаты жастардың мәдениетке деген ынтасын арттыру. Университет деңгейінде мәдени мереке өткізу арқылы мәдениет мәселелерін алға шығару. Көрмеге барлық факультет студенттері қатыса алады! Көрменің негізгі шарттары: әр студент өз шеберлілігімен қолдан бұйымдар жасауы тиіс.
Әртүрлі жанрда (тоқыма тоқу, кесте тігу, сурет салу, мүсін жасау, ұлттық бұйымдар жасау және т.б). Көрмеде студентке ой еркіндігі беріледі. Көрмеге қатысушылар берілген уақыт аралығында өз қолдарынан жасалған бұйымдарын ұйымдастырушыларға тапсырады. (Міндетті түрде аты-жөніңізді, факультет, курс, мамандық және қолтанба қалдыруды ұмытпаңыздар).
Басты талап: осы шақыру жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде өз туындыларын клуб мүшелеріне тапсыру. Туындылар сурет, мүсін өнері немесе қолөнермен байланысты болуы керек. Сонымен қатар көрмеге қатысатын бұйымдар сатылымға шығарылады.
Көрмеден түскен табыс балалар үйіне көмек түрінде беріледі.
Сіздерді бұл көрмеге белсенді қатысуға шақырамыз. Еліміздің болашағына өзіміздің үлесімізді қосайық және келесі ұрпаққа үлгі көрсетейік. Көрмеде орын алған бұйымдар бағалы сыйлықтармен марапатталады! Көрермендерге есік ашық!
Философия және саясаттану факультеті
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
«Мәдениет.kz» клубы.
Ляззат 8-775-607-07-93
Шоқан 8775-268-38-85