Жастар салауатты өмір салтын таңдайды

5 наурыз, 2013

«Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты мерекелік іс-шара Алматы қаласы, Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалында өтті. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында мерекелік іс-шара Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы директорының орынбасары Шалқар Дауренбаев, Туризм инженері Бағлан Абдрахманов эколог-ағартушысы Нұрбике Қараубаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы доценттері Н.З.Ахтаева, Г.К.Ерубаева, А.Б. Ахметова, жетекші маман Г.Билялова, аға оқытушы б.ғ.к., А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде өткізді.


Аталмыш мерекелік іс-шараға ҚазҰУ-дың «Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмесі, «Жас талап» орталығының мүшелері қатысты. Жарысқа жи­­нал­ған­дар топтар арасында қысқы спорт ойындарынан, ұлттық ойындар, жарыстар ұйымдастырылып арнайы орындар және сыйлықтар таратылды. Аппақ қарда арнайы шанамен сырғанаудан жарыста 1-орынды ББ202 топ жеңіп алды, арнайы қаппен жүгіруден ББ203 топ студенттері жеңіске жетті. Арқан тартыстан ЭКО 103-101 топ бас жүлдені алса, ЭКО 105-106 топ бірінші орынды иеленді. Ұзындыққа жүгіруден бас жүлдені ББ12-05 топ иеленсе, ББ1201-ББ1204 топтары бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, табиғат аясында студенттер өз топтарымен би жарыстарын ұйымдастырып, әртүрлі қызықты қойылымдар қойылып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, басқа ұлттардың да салт-дәстүрлерін бағалайды. Сол себептен осы мерекелік іс-шара соңында орыс халқының ұлттық мерекесі Қысты шығарып салу және көктем мерекесі «масленица» мерекесінің аталып өтіп жатқандарын студенттерде тамашалады. Мерелелік іс-шара соңында Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының ұйымдастыруымен жасалынған дастархан мәзірінен студенттерге арнайы тағамдар беріліп, ерекше өнер көрсеткен студенттерге алғыс хаттар табыс етілді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы