8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

6 наурыз, 2013

Сіздерді көктемнің шуақты күні - әсемдік, нәзіктік, мейірім күні – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын шүректен құттықтаймын!

Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің негізі. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар. Ғажайып мерекенің көгілдір көктем мезгілімен тұспа-тұс келуі де жақсылықтың нышанындай. Бүгінде отбасының тыныштыған, береке-бірлігін сақтап қана қоймай, қоғамның әр саласында қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне, өсуіне тікелей атсалысып жүрген аруларымыз қаншама. Олардың көпшілігі ҚазҰУ түлектері деп сеніммен айта аламын. Білімді де, білікті қыз балаларды оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруде университетіміздің алар орны ерекше. Қазақ қызы иманды, білікті болса,ұрпағымыз саналы, білімді болмақ.

Наурыз – әдеміліктің, әсемдіктің кезі. Әсемдік пен әдемілік ˗˗ әйелге ерекше берілген дүние. Сондықтан да ардақты аналарға, аруларға әрдайым әсемдікті тілеймін. Отбасының ұйытқысы, берекесі болған аналарымыздың ұлтжанды, өнегелі, иманды ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері зор.

Аналарды құрметтеу, әйелдер күні ретінде елімізде игі дәстүрге айналған мереке әрқайсыларыңыздың шаңырақтарыңызға тек шаттық, жақсылық әкелгей! Өмірдің көркі болған аяулы арулар, ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, толағай табыстар тілейміз! Көркейіңіздер, биіктерді бағындырып, өсе беріңіздер!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры,

Ғалым Мұтанов