БАҒДАРЛАМАДА
- Химия және химиялық технология факультетінің деканымен кездесу;
- Химия пәні бойынша оқулықтар мен есептер жинақтарының авторлары: профессор Н.М. Нұрахметовпен және доцент К.Б. Бекишевпен кездесу;
- Факультеттің студенттер деканымен кездесу;
- Химия және химиялық технология факультетіне бөлінетін орындар, төменгі өтетін балл (2011 жылдың қабылдау комиссиясының қорытындылары бойынша), мамандықтар жөнінде ақпарат аласыз;
- Факультеттің кафедралары мен зертханаларын аралау және танысу, қызықты тәжірибелер көрсетіледі.
Сіз осы шара кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің білім беру жөніндегі қазіргі жәй-күйі туралы толық ақпарат аласыз. Университет - жоғары білікті химик және химик-технолог мамандарын дайындауда еліміздегі көшбасшы білім ордасы болып табылады. Өзіңізге жаңа мүмкіндіктер мен келешек есігін ашуға бір қадам жасаңыз.
Сіздерді мерекелік шараға белсене қатысуға шақырамыз !
Ашық есік күні Химия және химиялық технология факультетінің 427 аудиториясында өтеді. Мекен жайымыз: Алматы қаласы, 050040,
пр. әл-Фараби, 71, тел.: 393-19-09; 377-36-08; 87714721075;
www.kaznu.kz; raichan-rach@mail.ru
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024